Моя красивая мама

    Бір күннің ішінде әйелді адам танымастай етіп өзгерту мүмкін емес деп кім айтты? Алты баланың анасы сұлу бола алмайды деген кім? Денесінің толықтығы бақытты анаға жараспайды деген рас па? «Жетінші арнаның» – «Менің сұлу анашым» атты жаңа жобасы қазақ елінде тұратын аналардың өзіне деген күдігін, қорқынышы мен сенімсіздігін сейілтіп, сиқырлы таяқшамен бір сілтегенде 8 кейіпкерді таң қалуға лайықты әдемі де әсем ханшайымдарға айналдырып жібереді...

    Жобаның жүргізушісі және шоудың қосалқы продюсері елімізге танымал жүргізуші Сабина Саяқова болады. Бұған дейін Сабина «Жетінші арнада» денсаулық туралы «Саламатты Қазақстан» атты таңғы бағдарламада жұмыс атқарған болатын. Жобаның идеясы Сабинаның өзі де «ана» атанғаннан кейін келіп отыр.